Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына жаңа 12 автокөліктің кілті табысталды

09.12.2022 20:09

Салтанатты іс-шара Алматыда өтті

Almaty.tv

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына жаңа 12 автокөліктің кілті табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның алтауы Жетісу облысына бұйырса, қалғаны Алматы облысының қызметкерлеріне берілді. Салтанатты іс-шара бүгін Алматыда өтті. Мамандардың айтуынша, көліктер шалғай орналасқан аудандар мен аудан орталықтарына жөнелтіледі. Айта кету керек, мұндай іс-шаралар еліміздің басқа да өңірінде жалғасын табады. Ол үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.

«Денсаулық сақтау министрлігінен бүгін арнайы көлік біздің Алматы облысына келді. Олар биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және де ішкі, сыртқы қауіп-қатердің алдын алу үшін уақытылы санитариялық-эпидемиологиялық іс-шара атқару үшін, індетті тергеу үшін өте қажет», – деді Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Марат Исмаилов.