Алматыда 10 мыңнан астам адам тегін медициналық бақылаудан өтті

Алматыда 10 мыңнан астам адам тегін медициналық бақылаудан өтті
Тексеру нәтижесінде елімізде жүрек–қан тамырлары ауруының кең тарағаны анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Қоғамдық денсаулық басқармасы 1 тамыздан бастап қолжетімді медициналық қызмет көрсету үшін жылжымалы мобильді кешендерді халық арасына жіберген болатын. Кешендердің барлығы қажетті қондырғылармен толық жабдықталған.

Қазіргі кезде дәрігерлер мегаполистің 40-тан астам шет аймақтарында болып, 10 мыңнан астам қалалықтарға тегін медициналық қызмет көрсетті және кеңестерін берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айлықтың мақсаты – бір қадам жақын қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Өйткені, халықтың көпшілігі алдын ала медициналық бақылаудан өту үшін емханаларға уақтылы бара бермейді.

Жалпы, бақылау кезінде жүрек–қан тамырлары патологиясының кең тарағаны анықталды. Қан қысымының көтерілуі - гипертония 80%-ды құрайды. Алғаш рет медициналық бақылаудан өткендер арасында «қант диабетіне» шалдыққандар да анықталды.

Медицина қызметкерлері көпшілік арасында міндетті медициналық сақтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын да жоғары деңгейде жүргізуде.

Новости партнеров