Алматыда Қазақстан мен Қытай дәрігерлері жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Олар академиялық және практикалық тәжірибе алмасу мақсатында ұзақмерзімді тұрақты қарым-қатынас орнатуға келісті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қазақстан мен Қытай дәрігерлері инновациялар мен травматологияда жасанды интеллектті қолдану мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қытайдың Шыңжаң медициналық университетінің 6-ауруханасы мен Цзилинь университетінің 2-ауруханасының ортопед-травматолог-дәрігерлерінің делегациясы тәжірибе алмасу мақсатында Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасында болды.

Екі ел арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты тереңдету мақсатында ортопедия саласында 10 маманнан тұратын Қытай делегациясы академиялық алмасу форматында панельдік сессиялар өткізді. Ғылыми талдау Алматы №4 қалалық клиникалық ауруханасы базасында өтті.

- 470 төсек-орынға есептелген аурухана Травматология және ортопедия аймақтық орталығын дамытуға бет бұрды. Орталық құрамына травматологиялық көмектің толық циклі бойынша 11 мамандандырылған құрылымдық бөлімше кіреді. Жасанды интеллектіні медицинаға енгізілуі үлкен буынды ауыстыруда робот көмегімен жасалатын отаны жасау арқылы үлкен серпіліс болды. №4 қалалық клиникалық аурухана бұл тәжірибені Қазақстанда бірінші болып қолданды, - деп атап өтті өз сөзінде №4 қалалық клиникалық аурухананың директоры Біржан Досмайылов.

Отандық травматология үшін сүйек ақауын қалпына келтіру үшін 3D форматында басып шығарылған титан қорытпасынан жасалған имплантты зерттеу және клиникалық қолдану өзекті болады. Бұл Алматы мен Қытай травматологтары арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамытудағы негізгі мәселенің біріне айналды.

№4 қалалық клиникалық аурухананың анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің базасында егде жастағы науқастарда жамбас сүйегін ауыстыру кезінде анестезияны басқару стратегиясы қарастырылды.

Диабеттік жараларды емдеу, сондай-ақ ахил сіңірінің жіті үзілуін хирургиялық емес физиотерапия және тері арқылы тігіс әдісімен емдеу тәжірибесі екі тарап үшін де қызықты болды. №4 қалалық клиникалық ауруханада бұл патологиямен ауыратын науқастар күрделі жарақат және сүйек-іріңді хирургия бөлімшелерінде емделеді.

№4 қалалық клиникалық аурухананың омыртқа нейрохирургиясы бойынша үлкен тәжірибесі бар. Біржақты бипортальды эндоскопиялық омыртқа хирургиясы (UBE) әдісін клиникалық қолдану мәселелері қытайлық әріптестердің тәжірибесін мысалға ала отырып қарастырылады.

Алматылық дәрігерлердің туа біткен жамбас буынының дисплазиясын хирургиялық емдеу саласында тәжірибемен бөлісуге тұрарлық еңбегі бар. №4 қалалық клиникалық аурухананың эндопротездеу және ортопедиялық хирургия бөлімшелерінің дәрігерлері мұндай оталарды сәтті жасап жатады.

Қытайдан келген дәрігерлердің сапары травматологиядағы медициналық қызметтің сапасын арттыру, тәжірибе алмасу және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Алматы мен Қытайдағы клиникалардың басшылығы академиялық және практикалық тәжірибе алмасу мақсатында ұзақмерзімді тұрақты қарым-қатынас орнатуға келісті.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласының қан тамыры хирургтары 67 жастағы науқасты аневризманың жарылуынан сақтап қалды

Новости партнеров