Алматыда биыл халықтың 90 пайызы электронды денсаулық паспортымен қамтылды

30.12.2019 23:09

Биыл 4 жаңа медициналық нысан ашылды

Сондай-ақ, артта қалып бара жатқан 2019 жылы туу көрсеткіші жақсарып, түрлі дерттен көз жұмғандар саны едәуір азайған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Мәселен, шаһарда 100 мың адамға шаққанда қатерлі ісіктен қайтыс болғандар 14,3 пайызға төмендесе, турберкулезден 9 пайызға азайды. Одан өзге денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. Биыл 4 жаңа медициналық нысан ашылды. Олар психикалық денсаулық орталығының ғимаратына жапсарлас құрылыс,  Алматы Онкологиялық орталығының радиологиялық корпусы, сондай-ақ Наурызбай және Түрксіб аудандарында медициналық көмек көрсету қызметінің екі қосалқы стансасы. Одан бөлек, алдағы уақытта тағы 4 нысан ашылады деп жоспарлануда.