Сібір жарасы: Жетіжар ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

20.09.2023 23:25

Науқас ПТР-тест тапсырған, алайда дерт расталмады

Аlmaty.tv

Абай облысындағы Жетіжар ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Дәрігерлер Бесқарағай ауданы тұрғындарының бірінде сібір жарасы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Науқас ПТР-тест тапсырған, алайда дерт расталмады.

– Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық және аудандық кезектен тыс отырысы өткізіліп, жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда блок-посттар орнатылып, арнайы зерттеулерге сынама алынып, тексеру жұмысы жүргізілуде, деді Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Алмас Тастенбеков.

Қазір Жетіжар ауылының кіреберісінде санитарлық бекет орнатылған. Елдімекеннен ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды.

Аурудың неден шыққанын анықталып жатыр. Бүгінде барлық мал басы клиникалық тексеруден өткізілуде және күнделікті ветеринар мамандар бақылауына алынды. Әзірге сойылған ауру мал басы анықталмады, дейді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев.

Оқи отырыңыз: Сібір жарасы несімен қауіпті - маман кеңесі