Анасы министрден көмек сұраған 6 жастағы түркістандық қызға ота жасауға болмайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Шымкент қаласындағы облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері балақайдың басынан табылған ісікке тиісу қауіпті деп отыр.
Еске салайық, осыдан бірер күн бұрын Түркістан облысының тұрғыны Денсаулық сақтау министрінен араша сұрап бейнежазба жариялаған еді. 6 жастағы Аружан Раталінің анасы науқас қызын не Астана, не Алматыдағы орталықтардың қабылдамай жатқанын айтып шағымданған. 15 күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан қыздың басынан былтыр наурызда ісік табылған.
Шарасыз қалған ананың өтініші өкінішке қарай, жағдайдың бетін бері қарата алмады. Ауруымен алысып жатқан балақайдың денсаулығы одан сайын нашарлап кеткен.
- Дәрігерлер шешімі бойынша бұл ота жасауға келмейтін ісік. 2023 жылдың сәуірінде бала Астанадағы ана мен бала ғылыми орталығында ем алған. Науқастың беті бері қарап қалған. 2024 жылдың басында баланың жағдайы нашарлап кетті. Басы айналып, стационарлық емге жүгінді. 27 ақпанда балаға консультация жасалды. Қазіргі таңда баланың жағдайы өте ауыр, - дейді Түркістан облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің хирургия ісі жөніндегі орынбасары Сәкен Тұрысбеков.
Оқи отырыңыз: Қызметіне жауапсыз қараған маман сотты болды