Сенат регламентіне сәйкес, барлық депутат осы ұсынысты қолдады
Сенаторлардың төрағаның жаңа орынбасарын сайлады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сенаттың бүгінгі отырысында сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осы лауазымға депутат Ольга Перепечинаның кандидатурасын ұсынды.
«Конституциялық нормаларға сәйкес, Палата төрағасының орынбасарына кандидатураны Сенат төрағасы ұсынады. Осы құқықты пайдалана отырып бұл лауазымға Ольга Валентиновна Перепечинаның кандидатурасын ұсынамын. Ольга Валентиновнаны баршаңыз жақсы білесіздер, өз ісінің нағыз маманы, тәжірибелі сенатор. Соңғы төрт жылдан астам уақытта Сенаттың Қаржы және бюджет комитетін басқарды», – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев палатаның жалпы отырысында.
Сенат регламентіне сәйкес, барлық депутат осы ұсынысты қолдады. Осылайша, Перепечина сенат төрағасының орынбасары лауазымына сайланды. Ол бірден президиумға өтіп, өз міндетіне кірісті.