Ұлттық өнердің асыл мұрасын насихаттайтын бағдарламасы әр аптаның сейсенбісінде эфирге шығады
Almaty.TV жаңа маусымын тың жобалармен бастады. Күндізгі жаңалықтардан кейін дәстүрлі қазақ музыкасын дәріптейтін «Алматы - ән қанатында» бағдарламасы көрерменге қайта жол тартады.
Бағдарлама көрерменді домбыраның күмбірі мен қобыздың сырлы үніне, жыр мен терменің терең толқынына жетелемек. Жоба аясында еліміздің ең үздік дәстүрлі орындаушылары сахна төріне шығып, ұлттық музыкаға сусындаған тыңдарманның құлақ құрышын қандырады. Сонымен қатар жас таланттар да өз өнерін паш етіп, халқымыздың бай музыкалық мұрасын жаңа тыныспен толықтырмақ.
Ұлттық өнердің асыл мұрасын насихаттайтын «Алматы ән қанатында» бағдарламасы әр аптаның сейсенбісінде эфирге шығады.
Төл өнерімізді бірге тамашалайық!
Оқи отырыңыз: Almaty TV-де жаңа маусым