Қанша қазақстандық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды

smi24.kz
smi24.kz
Стипендия алушылардың көпшілігі табиғи және техникалық профиль бойынша шетелде оқытылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Оның 149-ы магистратурада, 7-уі – әлемнің үздік университеттерінің докторантурасында, 26 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Мемлекет басышысының тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға басымдық беріледі. Үміткерлерді қолдау үшін «Инженерлік-техникалық қызметкерлер» жаңа жеңілдік санаты енгізілді. Сонымен қатар біздің бастамамызбен медициналық қызметкерлерді іріктеу қағидалары жетілдірілді, - деп атап өтті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Сондай-ақ, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 328 қазақстандық ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.

Отандық ғалымдар инженерлік ғылымдар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен, медицина және т.б. салаларда зерттеулер жүргізу үшін әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына жіберілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжат қабылдау төрт лекте өтеді. Үшінші легі биылғы жылғы 7 шілдеге дейін жалғасады. Жыл соңына дейін тағы бір легі өтетін болады: 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында.

Ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 тамыз бен 13 қазан аралығында жалғасатын болады.

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы бойынша гранттар иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының сайтында жарияланған.

Новости партнеров