Этникалық лагерь: Алматыдағы мектептердің бірінде көрме ұйымдастырылды

15.01.2024 19:57

Мақсаты – ұлттық құндылықты дәріптеу

Almaty.tv

«Тілге баулу – қазақ тілін оқытудың тиімді технологиясы». Аталған тақырып аясында Алматыдағы №171 жалпы білім беретін мектепте «Этникалық лагерь» тақырыбында көрме өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара орыс тілінде оқытатын мамандар үшін арнайы ұйымдастырылған. Көрменің мақсаты – ұлттық құндылықты дәріптеп, рухани салт-дәстүрді қайта жаңғырту.

– Қазақ ұлтының салт-дәстүрін қолдау, ескілікті жаңарту мақсатында семинарды этностильде өткізуді дұрыс көрдік. Әр әдістеме бірлестігі жұмысын көрме ретінде көрсетіп отыр. Сабақта тақырыпты ашу үшін қолданатын әдістерді ұсынып отырмыз, – деді №171 жалпыға білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Динара Смағұлова.

Оқи отырыңыз: Қазақ хандығының сыртқы саяси тарихына арналған монография жарық көрді

Теги: этноаул