«Рухани жаңғыру»: биыл барлық ЖОО-да «мәдениеттану» пәні міндетті пәндердің қатарына енді

Фото almaty.tv
Фото almaty.tv
Бағдарламасы аясында «Қазақ мәдениетінің тарихы» атты кітапты қазақ, орыс және ағылшын тілінде жариялаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласына биыл 2 жыл. Осыған орай бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Жиында жоғарғы оқу орнының ұстаздары мен профессорлар 2 жыл ішінде атқарылған жұмыстары туралы айтты. Мәселен, биылдан бастап барлық университетте «мәдениеттану» пәні міндетті пәндердің қатарына енген. Сонымен қатар, дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ мәдениетінің тарихы» атты кітапты қазақ, орыс және ағылшын тілінде жариялаған.

«Мақсатымыз – қазақ мәдениетін зерттеуді, насихаттауды жаңа деңгейге көтеру. Яғни біздің мәдениетімізді өзгелер оңай танып-білетіндей деңгейге жеткізуді көздейміз», - дейді ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Тұрсын ҒАБИТОВ.

Еске салайық, ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған болатын.

Новости партнеров