Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды
Атырау және Ақтөбе облысындағы оқушылар БЖБ мен ТЖБ-дан босатылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызына сілтеме жасап.
Ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.
- Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша су тасқынынан аса қатты зардап шеккен өңірлердегі оқушылар ағымдағы емтихандар мен сынақтардан босатылды. Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды, - деді ол.
Ресми өкіл Атырау (18), Ақтөбе (6), Қостанай (2) және Батыс Қазақстан (2) облыстарындағы 28 мектеп білім жетістіктері мониторингінен босатылғанын айтты.
- Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО сияқты алты өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды. Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүріп жатыр, - деді Мереке Амангелдіқызы.
Оқи отырыңыз: Жүректен жүрекке: ҚХА өкілдері Алматыдан Атырауға гуманитарлық көмек жіберді