Ол 200-ге жуық мектеп пен 50-ге жуық колледжге енгізілген
Қала мектептерінде «Cенім бұрышы» авторлық жобасы іске қосылды. QR-код арқылы жұмыс істейтін бағдарлама оқушылар арасындағы буллинг фактілерін анықтауға арналған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сенім бұрышы қораптарының электронды форматы Алматы қаласы прокуратурасы мен білім басқармасының бірлесуінің арқасында 200-ге жуық мектеп пен 50-ге жуық колледжге енгізіліпті. Жоба ауқымын кеңейту үшін алдағы уақытта бағдарлама құзырлы министрлікке ұсынылмақ.
– Қоғамда буллинг белең алып тұр. Бұл – буллингтің алдын алуға оқушыларға көмегін тигізетін жоба. Бала зардап шексе, ата-анасына айтуға қорқуы мүмкін. Сондай жағдайда анонимді түрде QR-кодқа хабарламасын қалдырады. Сол хабарлама арқылы дереу шара қолданамыз, – деді №204 жалпы білім беретін мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қамбар Қуанышбаев.
Оқи отырыңыз: Сенат бала құқығын қорғауға арналған заңды мақұлдады