Қазіргі таңда бәріміз ынтымақта, бірлікте болуымыз керек – Әсен Беспаева

06.01.2022 07:04

«Қазіргі таңда бәріміз ынтымақта, бірлікте болуымыз керек». Осылай деген еңбек ардагері, Алматы қаласы Бостандық ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Әсен Беспаева жастарды сабыры болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Құрметті отандастар. Мен Алматы қаласының тұрғынымын, зейнеткермін. Жастардың наразылығына түсіністікпен қараймын. Үкімет оған жауап беріп, тиісті шаралар қолданады, оған сенім мол. Мемлекет басшысы туындаған жағдайды түсініп, халыққа үндеу жасап жатыр. Сондықтан жастардан сұрарым, сабырлы болыңыздар! Алдағы уақытта барлық жағдай шешіледі. Үлкен буын өкілдеріне, ата-аналарға, ардагерлерге айтарым, жастарға ақылымызды айтайық. Қазіргі таңда бәріміз ынтымақта, бірлікте болуымыз керек», - дейді Алматы қаласының тұрғыны.