Бүгін ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қорабайұлы 75 жасқа толды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов 1947 жылы 10 наурызда Ресейдің Алтай өлкесі, Бийск қаласында дүниеге келді. Құрманғазы атындағы мемлекеттік өнер институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ радиосы мен телевизиясы камералық оркестірінің әртісі болып бастады. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға оқытушысы, Мехико филармониясы оркестінің әртісі, Алматы мемлекеттік консерваториясы доцентінің міндетін атқарушы, скрипка кафедрасының меңгерушісі болды.
1984-1987 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК нұсқаушысы.
1987-1997 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ректоры.
1997-2002 жылдары - ҚР білім және мәдениет министрлігінде мәдениет департаментінің директоры, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінде мәдениет комитетінің төрағасы, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде мәдениет комитетінің төрағасы, вице-министр.
2002-2003 жылдары - «Дегдар» гуманитарлық қорының президенті.
2003-2004 жылдары - ҚР Мәдениет министрі.
2004-2008 жылдары ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2008 жылдан бастап ТҮРКІСОЙ-дың бас директоры.
Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер, «Тарлан» сыйлығымен марапатталған. «Құрмет», «Парасат», Ресейдің «Достық», Польшаның «Поляк мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» ордендерімен, медальдармен марпатталған.