Шымкентте білім басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Шенеунік қалалық мектепте асхананы жалға беру мерзімін ұзартқаны үшін жеке кәсіпкерден шамамен бір жарым миллион теңге алды деп айыпталып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары пара алғаны үшін ұсталды. Шенеунік қалалық мектепте асхананы жалға беру мерзімін ұзартқаны үшін жеке кәсіпкерден шамамен бір жарым миллион теңге алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Оған «Пара алу» бабы бойынша айып тағылды. Ақпаратты Шымкент білім басқармасы растады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, тұтқынға алу кезінде басшының орынбасары демалыста болған.

«Шымкент қалалық білім басқармасының орынбасары демалыс беру және жұмысынан босату туралы өтініш жазды. Қазіргі уақытта ол демалыста. Бізде басқа ақпарат жоқ», - деді білім басқармасындағылар.  

Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

«Бұрынғы шенеунік кепілсіз тергеумен екі айға қамалды. Бүгін күдікті бұлтартпау шарасын кепілге ауыстыру ниетімен апелляциялық шағым берді», - деді судья Сержан Айнабеков.


Новости партнеров