Дәрігер тамақ ауруын емдеу кезінде не істеуге болмайтынын айтты

30.04.2022 14:40

Дәрігер тамақ ауруын емдеу кезінде ыстық және салқын сусындардың қауіпті екенін ескертті

© Sputnik / Александр Кряжев

Тамақ аруын емдеу кезінде "уды у қайтарады" деген ұстаным қауіпті, дейді медицина ғылымдарының кандидаты Александра Гусева.

Суық тию кезінде салқын ауамен тыныстау, балмұздақ жеу және мұзды су ішу өте қауіпті. Себебі бұл әрекеттер иммунитетті әлсірете түседі, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Алайда дәрігер аяз пайдалы болатын жағдай да кездесетінін айтты.

"Егер тамақтағы ауырсынуға шырышты көмейдің жарақаттан кейінгі ісінуі немесе мойын тіндеріндегі гематоманың асқынуы себеп болса, онда бұл жағдайда жарақат аумағына салқын компресс жасаған пайдалы болады", - деді дәрігер "АиФ" арнасына берген сұхбатында.

Маман мойын аумағын жылытудың салдары туралы да айтты.

"Егер инфекция үдесе, онда тіндердегі жоғары температура патологиялық процесті созып, бұл іріңдеу немесе бітеу жара түзілуіне алып келеді. Оны тек хирургиялық жолмен алып тастайды", - деді Гусева.

Сондай-ақ ол тамақты орта температурадағы арнайы дәрілік ерітінділермен шаюға кеңес берді.