Жұмыс сапары аясында вице-премьерге «Достық» ықшамауданындағы тұрғын үй құрылысының барысы таныстырылды
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр облысқа жұмыс сапары барысында кәсіпорындарды, инфрақұрылым объектілерін қарап шықты, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қарады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап.
Облыс орталығында Р. Скляр республикалық магистральдің Павлодар мен Семей арасындағы учаскесінің реконструкциясымен танысты, жауапты мекемелердің есептерін тыңдап, құрылған көлік инфрақұрылымының барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып жұмысты уақытында аяқтау бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Жұмыс сапары аясында вице-премьерге «Достық» ықшамауданындағы тұрғын үй құрылысының барысы таныстырылды.
Бүгінгі күні жаңа шағынауданда 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Успен ауданында Роман Скляр мен ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке өнімдері Қазақстан өңірлеріне жеткізілетін «Галицкое» ЖШС сүт фермасының қызметі таныстырылды.
Жұмыс сапарының соңында Роман Скляр аймақта электр және жылу энергетикасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Жұмыс сапарына, сонымен қатар, энергетика және ұлттық экономика вице-министрлері, ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы қатысты.