Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінді. Олардың тұрғылықты жерлері бойынша деструктивті бағыттағы қолжазбалар мен электрондық нұсқадағы діни әдебиеттер алынды» - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.
Қазіргі таңда ұсталған төрт азаматқа қатысты тергеу жалғасуда.