Ақауды жоюға 2 авариялық бригада 8 техника жұмылдырылды
Қарағандыда 2024 жылдың 10 қаңтары күні кешке жылу желілерінде апат болды. Электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен ақау пайда болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап .
Оқиғаның мән-жайын "Теплотранзит Қарағанды" ЖШС айтып берді.
- Электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен Дүйсембеков көшесіндегі "Панель-Центр" жылу сорғы станциясында қысқамерзімді тоқтату болып, сорғы агрегаттары өздігінен іске қосылып кеткен, қысымның күрт көтерілуі салдарынан гидросоққы пайда болып, Әшімов көшесінде ақау болған, - деп жазылған ресми ақпаратта.
"Теплотранзит Қарағанды" ЖШС ақаудың сипатын анықтау мақсатында су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ақауды жоюға 2 авариялық бригада, 8 техника жұмылдырылды.
Жұмыс жедел режимде жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы