Қарағанды – Мәскеу пойызында қазақстандық нашақор есірткі оралған түйіншекті жұтып жіберді

Қарағанды – Мәскеу пойызында қазақстандық нашақор есірткі оралған түйіншекті жұтып жіберді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кейін өзі мойындағандай, оның жұтқаны салмағы 5 граммға жуық марихуана есірткісі болып шықты.

Нашақор есірткі оралған түйіншекті жұлып алып жұтып жіберді, деп хабарлайды Today.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Петропавл шекара отрядының «Мамлютка-теміржол» өткізу бөлімшесінде өткен түнде Қарағанды – Мәскеу бағытымен жүретін № 83 пойызды шекаралық тексеруден өткізу барысында шекара наряды 20 жастағы қазақстандық азаматты ұстады. Бұл азаматты есірткі іздеуге арнайы үйретілген қызметтік иттің меңзеуімен келіп, жол сөмкесін тексере бастаған шекарашыны итеріп жіберіп, сөмкеден кішігірім түйіншекті жұлып алып, лезде жұтып жіберген.

Кейін өзі мойындағандай, оның жұтқаны салмағы 5 граммға жуық марихуана есірткісі болып шықты. Ұсталған азамат Павлодар қаласының наркологиялық диспансеріне жеткізілді. Тексеру барысында, дәрігерлер оның бұдан бұрын да канабиоидтар қабылдағанын дәлелдеп шығарды.

Тексеру шаралары әрі қарай жалғасуда.

Сурет: Kazpravda.kz



Новости партнеров