Алматы облысында жер астынан жауынгерлік танк табылды

Алматы облысында жер астынан жауынгерлік танк табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Танк он жыл бойы жер астына көміліп жатқан. Бірақ қалпына келтіруге келмейтін сыңайлы

Алматы облысында ауылдардың бірінде жерге көмілген иесіз жауынгерлік танк табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алып соғыс техникасы шекара маңындағы Панфилов ауданында елді мекендердің бірінде жерге көмілген екен. Танк табылғаны туралы ақпаратты облыстық полиция растады.

«Рас, елді мекендердің бірінің учаскелік инспекторына жергілікті тұрғындар тапқан танк туралы ақпарат түскен. Танктың мұнарасы, ауызы және басқа да қажетті бөліктері жоқ, ауылдан бірнеше шақырым жердегі бұрынғы әскери полигонның аумағында жерге көмілген екен. Қазір соғыс техникасының табылуы туралы ақпарат пен осыған байланысты жинақталған материал әскери тергеу басқармасына жөнелтілді», — деп мәлімет берді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Болжам бойынша, танк сонау кеңес дәуірінен бері жер астында жатқан. Металдың әбден шіріп кетуіне байланысты, техника қайта балқытуға жібереді. Әскерилер танкті қазып, алып кетіпті.

Новости партнеров