LG зауыты Ресейден Қазақстанға көшуі мүмкін

21.10.2022 15:48

LG Мәскеудегі тоңазытқыш, кір жуғыш машина мен теледидар шығаратын зауытты жабуды жоспарлап отыр

ашық дереккөзден

Оңтүстік Кореяның тұрмыстық техника өндіруші LG Ресейдегі зауытын жауып, өндірісті Қазақстан немесе Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.


Басылым мәліметінше, LG Мәскеудегі тоңазытқыш, кір жуғыш машина мен теледидар шығаратын зауытты жабуды жоспарлап отыр.

Қазір компания қоныс аударатын жер ретінде Қазақстан мен Өзбекстан нұсқаларын таңдап жатыр.

Өзбекстанда Samsung жабдықтарын шығаратын Artel компаниясымен келіссөздер жүргізілді.

Мамандардың айтуынша, өндірістің Өзбекстанда ашылуы арзан жұмыс күшінің арқасында тиімдірек, бірақ Қазақстанда төлемге қабілетті тұтынушылар көп.