Бүгін көліктерді тіркейтін халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді

Бүгін көліктерді тіркейтін халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді
Ол туралы «Азаматтарға арналған Үкімет» Ұлттық акционерлік қоғамы мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мұндай келеңсіздік Ішкі істер министрлігі ақпараттық жүйесінің жаңартылуына байланысты орын алып отыр. Сол себепті «көлік құралын тіркеу» және  «жүргізуші куәліктерін беру» қызметтерін көрсету уақыты ұзарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл «Азаматтарға арналған үкімет» бөлімшелеріндегі кезектің саны артуына себеп болған. Жауапты мекемелер туындаған техникалық ақаулықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұдан соң қызмет көрсету қайта жалғасады. Халықты құжаттандыру саласындағы өзге де мемлекеттік қызметтер Халыққа қызмет көрсету орталықтарнда штаттық режимде көрсетіледі.


Новости партнеров