Қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев Шымкенттегі басшылық қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
2020 жылы желтоқсанда «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» директоры болып тағайындалған әнші жеке өтініші бойынша қызметінен кетті.
«Майғазиев Сәкен Қордабайұлы шығармашылық жұмыстардың қарқын алуына байланысты «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директоры лауазымынан жеке өтініші бойынша өз еркімен босатылды», – делінген қалалық Мәдениет басқармасы таратқан ақпаратта.