Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты концертке барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 28 жылдығына орай өткізілген салтанатты концертті тамашалады.
Мерекелік іс-шара "Астана Опера" опера және балет театрында өтті.
Салтанатты концертте еліміздің танымал әртістері, опера әншілері, хореографиялық топтар, сондай-ақ, симфониялық оркестр өнер көрсетті. Олардың арасында таяуда ғана президенттің қолынан "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағын алған Димаш Құдайберген де болды.
Елбасы и Президент Казахстана приняли участие в праздничном концерте, посвящённом Дню Независимости pic.twitter.com/3ldRHmVEnp
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) December 13, 2019