1 қазаннан бастап елімізде салық төлемегендердің есімі жарияланбақ

23.09.2019 16:39

Бұл тізімде еліміздегі өте танымал адамдар бар

Бұл туралы Almaty.tv тілшісі Медеу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бірінші кезекте 50 мың теңгеден жоғары, екінші ретте 20 мың теңгеден көп мемлекет алдындағы борышын өтемегендердің аты белгілі болмақ.

Бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын тізімде аты, тегі және әкесінің аты мен берешек сомасы да көрсетіледі.

Айта кетейік, тізімде Қазақстанда танымал адамдардың да есімдері бар.