Қазақстандықтар төрт айда шетелден 117 млрд теңге алды

BNews.kz
BNews.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында шетелден келген ақша аударымдарының көлемі 116,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,3%-ға көп, деп жазады Ranking.

Сондай-ақ, транзакциялар саны 29,1%-ға, яғни 529,2 мыңға дейін артты. Бір жыл ішінде халықаралық ақша аударымдары жүйесі бойынша бір транзакцияның орташа сомасы 201,6 мыңнан 220,6 мың теңгеге дейін артты.

Қазақстан Республикасына ақша аударымдарын жіберген елдер ішінде Ресей жетекші орын алады: 50,6 млрд теңге – бұл 2018 жылдың қаңтар-сәуір айларына қарағанда 37,9%-ға көп. Транзакциялар саны 31,7%-ға, 271,8 мыңға артты, бір аударымның орташа сомасы 4,7%-ға, 177,8 мыңнан 186,1 мың теңгеге дейін арттырды.

Екінші орында – Корея Республикасы: 20,6 млрд теңге, өсім – 63,3%. Аударымдар саны 51,5%-ға, 54,1 мың транзакцияға ұлғайды. Орташа сомасы 354,1 мыңнан 381,5 мың теңгеге дейін өсті.

Көш бастап тұрған үштіктің соңында Өзбекстан бар, ол елден 10,1 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 70,1 %-ға артық. Транзакциялар саны – 44,3%, 28 мыңға дейін өсті. Өзбекстаннан бір аударымның орташа сомасы 306,1 мыңнан 360,7 мың теңгеге дейін артқан.


Новости партнеров