Астанада бұған дейін егіз тапқан әйел енді үшемдерді дүниеге әкелді

Астанада бұған дейін егіз тапқан әйел енді үшемдерді дүниеге әкелді
Үшем дүниеге келген отбасы егіздерді тәрбиелеп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді. Нәрестелер №3 перинаталдық орталықта кесір тілігі арқылы туған. Айта кетейік, үшем дүниеге келген отбасы егіз тәрбилеп отыр. Ерекше жағдайға ақ халаттылардың өздері таңырқаған көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Светлана бет-жүзін көрсетуді қаламайды. Көз тиеді деп қорықты. Себебі, өзін ең бақытты жандардың санатына қосады. Табиғи жолмен үш ұрықты жүктілік бұйырғаны бекерден бекер емес дегенді айтады.      

«Менің арғы әжем де екі рет қатарынан егіз туған екен. Оны маған әжем айтып отыр. Сондықтан мұндай бақыт маған да бұйырып отыр деп ойлаймын. Үш періште жатыр алдымда. Өте бақыттымын! №3 перинаталдық орталық дәрігерлеріне алғысым шексіз. Жүктіліктің ең алғашқы аптасынан бастап бүгінге дейін жіті бақылады», – дейді жас ана СВЕТЛАНА.

Анықталғаны, №3 перинаталдық орталықта биыл 19 егіз дүниеге келген. Алайда, соңғы екі жылдың ішінде үшемнің тууы алғаш рет.

«Келіншек бізге жүктіліктің 34-ші аптасында жоспарлы түрде келіп түсті. Операциялық жолмен босандырылды. Екі ұл, бір қыз дүниеге келді. Салмақтары 2 149, 2 290 және 2 020 грамм. Бүгінде жаңа босанған ананың да, үш нәрестенің де жағдайы жақсы. Бүгін үйіне шығарылып жатыр», – деді Астана қаласы № 3 «Перинаталдық орталық» МКК бас директоры Зайтуна ХАМИДУЛЛИНА.  

Бақыты үшке еселенген ана мен үш нәрестенің қазіргі жағдайы жақсы болғандықтан, үйге шығарылды. Бұл №3 перинаталдық орталық дәрігерлерінің арқасы дейді жас ана. Ал ақ халаттылар болса, аталған жүктілікті шынымен де ерекше деп отыр. Себебі, осыдан бес жыл бұрын дәл осы нәзік жанды дәп осы ауруханада дүниеге егіз әкеліпті.

Салтанат Нысанбек, Жігер Бабаханов, «Алматы» телеарнасы, Астана




Новости партнеров