Балқашта 5 жастағы бала анасының салған екпесінен жансақтау бөліміне түсті

05.03.2019 16:36

Анасы баласын өзі емдемек болған

sn.kz

Балқашта баланың анасы оны өз еркімен емдемекші болған. Бұл туралы instagram-парақшасындағы patriotkaraganda жарияланды.

Екпе салғаннан кейін бес жасар бала Балқаштағы аурухананың жансақтау бөліміне түскен.

«Бала орталық ауруханаға жедел түрде жеткізілді. Оған жоғары деңгейдегі аллергия диагнозы қойылды», – деп хабарлайды Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Баланың анасы дәрігерлерге оның жамбасына Цефтриаксон препаратын салғанын айтқан. Ол дәрігерлерден еш кеңес алмастан, баланың емімен өз еркімен айналысқанын мойындады.