Әлихан Смайылов заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

primeminister.kz
primeminister.kz
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтару туралы процессуалдық келісім жасау жоспарлануда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда екі жыл ішінде жалпы сомасы 1 триллион теңгеге жуық активтер қайтарылды. деп хабарлайды Аlmaty.tv

Сонымен қатар 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісі анықталған. Оның 131 нысаны шетелде екен. 

Бұдан бөлек, жалпы құны 448 миллиард теңгенің құнды қағаздары бойынша мәлімет алыныпты. Сомасы 220 триллион теңге банк операциялары, соның ішінде 1,4 триллион теңгені құрайтын күмәнді операциялар тексеріліп жатыр. Мұндай мәліметтер бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен заңсыз активтерді қайтару бойынша отырыста айтылды. 

Басқосуда тексеріске іліккен жаңа тұлғаларды тиісті реестрге енгізу мәселелері талқыланды. Ал бұған дейін тіркелген кейбір адамдармен процессуалдық келісім жасау жоспарланып отыр. Себебі олар кінәсін мойындап, заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтаруға келісіпті. 

– Бүгінгі күнге нақты материалдар бар. Ол материалдар бойынша біраз активтердің шығу көздерінің түсініксіз екендігі анықталды. Яғни, олардың заңдылығы дәлелденбейді. Сотқа талап арыз беру арқылы ол активтерді мемлекет пайдасына шығу тегі, көздері түсініксіз актив ретінде мемлекетке өндіру туралы комиссияға ұсыныс енгіздік, – деді ҚР Бас прокуратурасы активтерді қайтару комитетінің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков.

Оқи отырыңыз: Алматыда 2023 жылы 170 млрд теңгеге екі мыңнан астам бизнес жоба қаржыландырылды

Новости партнеров