Су тасқыны салдарын жою: Қасым-Жомарт Тоқаев жедел жиналыс өткізеді

Фото: Victor Glutsenko
Фото: Victor Glutsenko

Жергілікті атқарушы органдардың жұмысын бақылауда ұстап отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.

Қабылданған шешімдер туралы  жұртшылыққа тез арада хабарланады.

Оқи отырыңыз: Алматылық құтқарушылар Ақтөбе облысына көмекке аттанды (Видео)

Новости партнеров