Таулы жерлерде құрғақ шөптерді жағуға тыйым салынады
Алматылықтарға таулы жерлерде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау керек екені айтылды. Бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Арман Байгелов алматылықтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының есіне таулы-орманды жерлерде өрт қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым ережелерін еске салғым келеді. От жағуға, рұқсат етілмеген орындарда тамақ дайындау үшін мангалдар мен басқа құралдарды пайдалануға болмайды», – деді Арман Байгелов.
Сонымен бірге, рұқсат етілмеген орындарда темекі шешуге болмайды, себебі шырпы мен темекі тұқылы өрттің тұтануына әкелуі мүмкін. Әрі Алматы тұрғындарынан таулы-орманды жерлерде май сіңген немесе бензин, керосин немесе басқа да жанар-жағармай заттары бар материалдарды, күн сәулесі түсетін орман алаңына бөтелкелерді, шыны сынықтарын және басқа да қалдықтарды тастамау керек екені айтылды, өйткені олар да өрттің шығуына себепкер болуы мүмкін. Таулы жерлерде құрғақ шөптерді жағуға тыйым салынады.
«Азаматтар, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар, орманды өрттен қорғаңыздар!» – деді ТЖД қызметкерлері.