Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Еске салсақ, Алматы қаласында 16 ақпанда сағат 03.00-ден бастап арты қарға ұласқан жаңбыр жауа бастады. Қалада барлығы 18 см қар түсті, ал таулы жерлерде қар қалыңдығы 90 см-ге жетті.
Осыған байланысты қала әкімдігі мен 8 аудан әкімдіктері тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырды.
«Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауғаннан бастап жол қиылыстарына материалдармен төгу жұмыстары жүргізілді. 6 911 тонна көктайғаққа қарсы материалдар қолданылды», - деді Диас Ахметқалиев.
Д. Ахметқалиевтің ақпараты бойынша, бүгінгі күні қарды тазалау қаланың 2450 көшесінде жүргізіледі, оның ішінде 219 - магистральды, 171 - аудандық және 1928 - жергілікті көше. Жолдардың жалпы ұзындығы 2 718 км және 1 264 км тротуарлар. Көшелерді қысқы тазалауға «Алматы Тазалықтан» өзге 13 ұйым жұмылдырылған.
«16 ақпанда таңғы сағат 05.00-ден бастап жол полициясының патрульдік машиналарының еріп жүруімен қарды тазалау бойынша колонналар ұйымдастырылды. Қар тазалау жұмыстарына 600 - ден астам арнайы техника мен 2 500-ден астам жол жұмысшылары жұмылдырылды» - деп толықтырды Д. Ахметқалиев.
Сонымен қатар, қардың қалың түсуі салдарынан электр беру желілері үзілді.
«16-17 ақпан аралығында «АКЖ" МКК диспетчерлік қызмет пультіне желілердің үзілуі бойынша 201 өтініш түсті. Оның ішінде 164 желі бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз етті, қалған 37 өтінім бойынша жұмыс жүріп жатыр. «АҚЖ» МКК - ның 9 техникасы мен барлығы 90 адамнан тұратын жеке серіктестің 30 техникасы жұмылдырылды», - деп атап өтті «Алматы қаласы құтқару қызметінің» басшысы Дмитрий Чухонцев.