Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарының радиотелевизиялық станцияларында аналогтық жабдықтарды бұзу-бөлшектеу жұмыстары басталады.
2019 жылдың тамызында Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарының радиотелевизиялық станцияларында аналогтық жабдықтарды бұзу-бөлшектеу жұмыстары басталады. Осы жұмыстарға байланысты аталған өңірлерде телерадиобағдарламалардың сигналдары уақытша өшірілмек, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Қазтелерадио-ға сілтеме беріп.
«Жабдықтарды бұзу-бөлшектеу жұмыстарының кестесімен мына жерде таныса аласыздар:
Алматы облысы
Павлодар облысы
Қостанай облысы
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - делінген хабарламада.