Бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай түрлерінің шекті бағасын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Мемлекет басшысының Парламент Мәжілісінде берген тапсырмаларын іске асыру үшін бірқатар қысқа мерзімді шаралар қабылданды. АИ-80 маркалы бензин – литріне 89 теңге, АИ-92 маркалы бензин – литріне 182 теңге, АИ-93 маркалы бензин – литріне 182 теңге, АИ-95 маркалы бензин – литріне 215 теңге, дизель отыны (жазғы, маусымаралық) литріне 230-260 теңге болып отыр», – деді Болат Ақшолақов.