«Қорғас» кеден бекетінен кезекті контрабанданың жолы кесті. Шекарашылар Қытайдан Қазақстанға 21 мынан аса темекі қорабын заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті. Одан өзге 52 дана рация құрылғысын да рұқсатсыз алып өтпек болған Өзбек азаматы да қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Белгілі болғандай, «Рапискан» маркалы рацияларды бекеттегі ренгтген аппараты арқылы анықтаған. Сондай-ақ, өткен сенбіде кеденшілердің көзіне «Шыны» деген жазуы бар күмәнді қорап түсті. Тексеріс кезінде заңсыз дәрі дәрмекті Қазақстан аумағына кіргізбек болғандар анықталды. Қытайда шығарылған медициналық препараттар 60 келіден асады. Бүгінде барлық тауардың кедендік бағасы анықталуда. "Қорғас" кеден бекеті баспасөз қызметінің хабарлауынша заңсыз әрекет еткендер міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.