ТЖ кезінде Ресей жаһандық желіден ажыратылуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Жаһандық желіні басқарудың негізгі құқығы АҚШ-та. Бірақ, биліктің ондай жағдайға дайындаған жоспары барын айтты.
«Интернет белгілі бір уақытта пайда болды және оны басқарудың негізгі құқықтары АҚШ-та. Егер төтенше жағдай болса, оны толық тоқтатуға мүмкіндік бар. Дегенмен билік бұл жағдайға жоспар құрып қойған», – деді Медведев.
Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары мұндай тәуекелдер аясында Ресейде интернет сегменті туралы заң қабылданғанын хабарлады. Оны дербес басқаруға болатын жолдардың қаралып жатқанын ескертті.