Ақылбек Күрішбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Ақылбек Күрішбаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
Орталық сайлау комиссиясы бұл өтінішті қарап, Сенатқа тиісті ұсыным енгізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, А. Күрішбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтату жөнінде өзі өтініш жасаған. Орталық сайлау комиссиясы бұл өтінішті қарап, Сенатқа тиісті ұсыным енгізді.

«ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев міндеттерін атқаруды өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституциясының 52-бабына ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы ҚР Конституциялық заңының 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаевтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізді», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.

Депутаттар аталған қаулыны қабылдады.

«Ақылбек Қажығұлұлы Сенаттың заң шығару жұмысына өзінің сүбелі үлесін қосты. Депутаттық сауалдар арқылы халықты алаңдатқан маңызды мәселелерді оң шешуге де белсенді атсалысты. Хатшы ретінде комитет жұмысын тиімді ұйымдастыруға да зор еңбек сіңірді. Осы атқарған барлық жұмыстар үшін Ақылбек Қажығұлұлына Сенат басшылығы атынан ризашылығымызды білдіріп, алғысымызды айтамыз. Депутат ретінде атқарған қызметін жоғары бағалай отырып, Палата бюросы Ақылбек Қажығұлұлын Сенаттың Құрмет грамотасымен марапаттады. Құрмет грамотасын тапсыруға рұқсат етіңіздер. Жаңа қызметіңізге табыс пен сәттілік тілейміз», - деді М. Әшімбаев.


Новости партнеров