Жоғалып кеткен альпинистерді іздеуге қырғыз альпинистері де қосылады

Жоғалып кеткен альпинистерді іздеуге қырғыз альпинистері де қосылады
Үш адамнан құралған құтқарушылар ұшақпен Оңтүстік Инылчек базасына дейін барады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құтқарушылар Тянь-Шань тауында жоғалған альпинистерді іздестіруге кірісті. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитеті мәлімдеді. Бүгін таңғы 9-дар шамасында әскерилер Ми-171 бортымен «Қарқара» лагерінен Қырғыз республикасына аттанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Үш адамнан құралған құтқарушылар ұшақпен Оңтүстік Инылчек базасына дейін барады. Ары қарай жаяу көтеріледі. Іздеу жұмыстарына қырғыз альпинистері де қосылады делінген хабарламада.

Айта кетейік, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Іле-Алатауындағы Жеңіс шыңын бағындыруға кеткен еді. Алайда олар 6600 метр биіктіктен түсе алмай, байланыссыз қалған көрінеді. Сол жерде суықтап, сырқаттанған Александр Чечулин жан тапсырған.



Новости партнеров