БҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталғаны хабарланды

Мой город
Мой город
Болатбек Каюповты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұстаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, Болатбек Каюповты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері пара алды деген күдікпен ұстаған. Алдын ала мәлімет бойынша. параның сомасы - шамамен 7 миллион теңге. Облыстың бас дәрігері уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Айта кетейік, Каюповқа қатысты тергеу басталды деген қауесет бұрын тараған еді.

Портал 7 қыркүйекте бұл жағдайға қатысты ресми органға ресми сауал жіберге болатын. Онда ресми орган облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілмеген деп жауап берген еді.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі басшының ұсталуына қатысты ақпарат бермеген. Тек Болатбек Каюповтың орнында жоқ екенін айтқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті бұл ақпаратқа түсінік берген жоқ. Алайда олар кез келген ақпарат прокуратурамен келісілгеннен кейін берілетінін атап өтті.

Новости партнеров