Оңтүстік өңірлерге электр энергиясын беру толық қалпына келтірілді

26.01.2022 18:38

Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің оңтүстік аймағын электрмен жабдықтау толығымен қалпына келтірілді. Бұл жайында «KEGOC» компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта ұлттық электр желісінің қалыпты сызбасы толығымен қалпына келтірілді. Қырғызстан және Өзбекстанның энергия жүйесімен параллельді жұмыс жолға қойылды. Сағат 15:50-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) Алматы қаласы, Алматы, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары тұрғындарын электрмен жабдықтауға шектеулер толығымен алынды. «Қазфосат» және «ТМЗ» ЖШС-леріне ғана электр берілген жоқ», - деп атап өтеді компаниядан. 

«KEGOC» мәліметінше, сағат 20:41-де Жамбыл облысын қоса алғанда оңтүстік аймақтағы барлық шектеулер алынды. Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесі қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.