Істен шыққан 46 бағдаршам мен 120 жол белгісі бүгінде қалпына келтірілген
Алматыда жаппай тәртіпсіздік салдарынан бүлінген жолдар жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қалалық мобилділік басқармасының айтуынша, істен шыққан 46 бағдаршам мен 120 жол белгісі бүгінде қалпына келтірілген. Жұмысқа 80-ге жуық адам мен 30 техника жұмылдырылыпты.
«Бүлінген жолдар бүгін, ертең толықтай қалпына келтіртіледі деп ойлаймыз. Біздің жұмысшылар 10 қаңтардан бері көшелерді қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етіп жатыр. Қазіргі уақытта қоғамдық көліктер де қалыпты жұмыс істеп жатыр», – деді Мобилділік басқармасының бөлім басшысы Нұрзат Ордабаев.