Ақтаудағы балабақшалардың бірінде 12 балаға 4 тәрелке тамақ берілген

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан
Ата-аналар аталған жағдайды бейнебақылау камерасына жазылған таспадан көрген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтаудағы балабақшалардың бірінде балалар тамақты таласып жейтін сыңайлы. Оған себеп астың жеткіліксіз болуы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мәселен, 12 балаға 4 қана тамақ үйлестіріледі. Үлгергені жейді, ал үлгермегені ас ішкендерге қарап отыруға мәжбүр. Бұл жағдай шаһардағы 9-ықшамаудандағы №29 балабақшада болған. Ата-аналар аталған жағдайды бейнебақылау камерасына жазылған таспадан көрген. Видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Ал білім басқармасының өкілі аталмыш жағдайға қатысты тиісті комиссия құрылғанын мәлім етті.  

«№29 балабақшадағы жағдай бойынша арнайы комиссия құрылды. Тексеру жұмыстары басталды. Қорытындысы зерделеуден кейін белгілі болады», – деді Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.

Топтың тәрбиешісінен түсініктеме алынған. Тәрбиеші таңғы асты балалар үнемі жемей, тамақ қалып қойғандықтан азғантай салғандығын айтыпты. Қазір педагогке тәртіптік шара қолданылды. Ал болған жағдайға байланысты бөбекжай әкімшілігі ата-аналармен кездесіп, кешірім сұрапты.

Новости партнеров