Қазақстанда жылжымайтын мүлік саудасы қызып тұр

Қазақстанда жылжымайтын мүлік саудасы қызып тұр
Бір жылда тұрғын үйлердің сауда-саттық деңгейі 17,1 пайызға артқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтардың жылжымайтын мүлікті көбірек сатуы мен сатып алуы көбейе бастады. 1 жыл ішінде тұрғын үйлердің сауда-саттық деңгейі 17,1 пайызға артқан, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.  

Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, ең жоғарғы көрсеткіш Алматы, Атырау және Қызылорда облыстарында тіркелген. Тек Маңғыстау облысында өсім байқалмаған. Тұрғын үйлерге қатысты операциялар Нұр-Сұлтанда 11,9 пайызға, Алматыда 21 және Шымкентте 19,7 пайызға көтерілген

Шілде айымен салыстырғанда тамызда келісім-шарт деңгейі 10,1 пайызға төмендеген. Әсіресе, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазастан оьблыстарында түрғын үйдің сату көрсеткіші азайған.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкенттегі жағдай мынадай. 29 мың 175 келісімнің 21 мың 173-і түрғын үй пәтерлеріне қатысты тіркелсе, 8 мыңға жуығы жер үйге қатысты жасалған.  Жалпы алғанда, биылғы жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін елімізде 205 мың 939 түрғын үй сатуға, сатып алуға түскен. Мәліметтер крыша.кз порталынан алынды.


ТҰРҒЫН ҮЙ САУДА-САТТЫҒЫ:

Алматы облысы +38,6%

Атырау облысы +34,5%

Қызылорда облысы +27,8%

Маңғыстау облысы -6,6 %


ТҰРҒЫН ҮЙ САУДА-САТТЫҒЫ:

Маңғыстау облысы -25%

Түркістан облысы -18,1%

Батыс Қазақстан облысы -16,5%


ТҰРҒЫН ҮЙ САУДА-САТТЫҒЫ:

Нұр-Сұлтан -14,3%

Алматы -0,9%

Шымкент -12,4%

Новости партнеров