Қызылорда облысында 40 ауылдық округте тұрғындар әкімдер сайлауына қатысуына мүмкіндік алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Өңірде 40 ауылдық округ бойынша әкім сайлауына 151 кандидат ұсыныс білдірген болатын. Олардың арасында 53-і саяси партиялар құрамынан болса, 98-і өзін-өзі ұсынушылар.
«Календарлық жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттарды тіркеу 14 шілде жергілікті уақыт бойынша 18.00-де аяқталды. Нәтижесінде 134 кандидат тіркелді. Олардың арасында 49-ы саяси партиялар құрамынан болса, 85-і өзін-өзі ұсынғандар. Айта кетерлігі, 3 кандидатты тіркеу тоқтатылды. Бұл бойынша 2 кандидаттың декларация мәліметтері дұрыс келген жоқ, 1 кандидат өз өтінішіне сәйкес әкімдер сайлауына қатысудан бас тартты»,– деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.
Оның айтуынша, барлық талаптарға сай келген 131 үміткер әкімдер сайлауына қатысуға мүмкіндік алды. Ол барлық ұсынылған азаматтардың 86,7% құрайды.
«Түрлі себептер бойынша 17 кандидат алынып тасталды. Оның ішінде 9-ы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің E-R-1 санатына сәйкес еместігі бойынша аталған тізімнен шығарылды. Ал 7--і өз кандидатурасын алу туралы өтініш білдірген. Ал 1 адам 14 шілде сағат 18.00-ге дейін барлық қажетті құжаттардың ұсынған жоқ. Облыс бойынша 137 кандидаттың құжаттары арнайы тексеруге жіберілді. Барлық тіркелген кандидаттар тиісті ауылдық округтен кандидат куәлігін алып, сайлау бюллетеніне енгізілді», – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған.
«Облыс бойынша 2 сайлау округінде 2, 28-де 3, 8-де 4, 1-де 5, 1-де 6 кандидат ел сеніміне ие болуға күш салады. Сондай-ақ, 1 сайлау округінде 3, 10 округте – 2, 26 округте 1, 3 округте - тек өзін-өзі ұсыну жағдайы көрініс берді, оларда саяси партия өкілдері жоқ»,– деді Ғ. Баймырзаев.