Мультфильмді де тек мемлекеттік тілде көргенді ұнады
Әлеуметтік желіде Майлыбек атты иттің иесі түсірген видеолар күннен-күнге танымал болып келеді. Иесі оған тек қазақ тілінде сөйлеп, бұйырса, ит құйрығын бұлғаңдатып, айтқанын екі етпей орындайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі instagram желісіне сілтеме жасап.
Темірлан Тоспаев есімді блогердің иті Майлыбек Instagram әлеуметтік желісінде көптің жүрегін жаулап үлгерді. Тек қазақ тілінде ән тыңдап, билегенді жақсы көреді. Тіпті мультфильмді де тек мемлекеттік тілде көргенді ұнататыны көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Сүйкімді төбеттің қылықтарына сүйсінген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, таңданыстарын білдірді.
Оқи отырыңыз: Африкалық бала қазақстандық шоколадтың дәмін татып көрді