Ал қоғам белсенділері жоғарғы сотқа шағым түсірмек
Қарағанды қаласында 232 ағашты заңсыз кескен құрылыс компаниясына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық сот өкілдері заңды белшеден басқан мердігерге 7200 дана жасыл желек отырғызуды міндеттеген. Бұған дейін табиғатқа аяушылық танытпағандар 18 миллион теңге айыппұл төлеуі керек делінген. Кейіннен іс қайта қаралып, жеті мыңнан аса тал егу тапсырылған. Бұл екі ортада алғашқы шешімнің күші жойылып, компания айыппұлдан құтылған. Ал шешіммен келіспеген қоғам белсенділері жоғарғы сотқа шағым түсірмек.
– Алдағы уақытта құрылыс компаниялары осындай заң бұзбауы үшін мәселенің нүктесін қоймақпыз. Соттың шешімімен келіспейміз. Сондықтан жоғарғы сотқа кассациялық шағым әзірледік, – деді қоғам белсендісі Әйгерім Дәрібаева.
Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың ісі: Байжанов шындық детекторынан өтуге дайын