Нұр-Сұлтанда 2-3 сынып қыздары темекі шегіп жүр – желі қолданушысы

22.09.2021 21:56

Бұл туралы теміржолшы Әліби Манаш Facebook-парақшасында жазды

metronews.ru/ м/ф "Ну, Погоди!"

Нұр-Сұлтанда 2-3 сынып қыздары электронды темекі шегіп жүр. Бұл туралы теміржолшы Әліби Манаш Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«2, 3-сынып оқушы қыздар электронды темекі шегіп тұр. Ата-аналар, балаларыңды қадағалаңдар!» – деп жазады ол.

Теміржолшы сондай-ақ, оқушы қыздарға ұрсуға бата алмағанын айтады. 

«Нұр-Сұлтан қаласы Әуезов көшесі бойында «Дастархан» деген кафе бар. Міне, сол жерге түскі асқа келе жатқанымда көрдім. Есіктін алдында шашына бантик таққан екі қыз электронды темекі шегіп тұр. Көргенде шалқамнан құлай жаздадым. Бүлдіршін балалар болғандықтан, суретке түсіре алмадым. Жанына барып əй деуге... бөгденің қызы. Оқушы қыздарға қарап сөйлесең, педофил деген күйе жағып жіберуі әбден мүмкін. «Тек жүрсең, тоқ жүресің» деген бар. Бірақ балаларға үгіт-насихат жүргізу керек», – деді Әліби Манаш.