Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты

© Sputnik / Болат Шайхинов
© Sputnik / Болат Шайхинов
Сот оны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырудан бас тартқан-ды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет қаржысын жымқырды деп айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бостандыққа шықты. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ҚАЖК-ның Шымкенттегі қылмыстық Атқару-жүйесі департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкенттік ҚАЖД мәліметінше, Бишімбаев 11 қазанда бостандыққа шықты. Сот осындай шешім қабылдапты.

Сонымен қатар, Telegram желісіндегі «Мудрый Бажа» арнасында Қуандық Бишімбаевтың бостандыққа шыққаннан кейінгі суреті жарияланды.

Еске сала кетсек, 2018 жылы наурыз айында 10 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Леңгірдегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатқан еді. Ол жазасын жұмсартуды сұрап, өзін қоныс колониясына ауыстыру туралы өтініш берген. Сот оны қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырудан бас тартқан-ды.


Новости партнеров